Қазақстандық ауыр атлеттер жарыстардан шеттетілді
2016 ж. 16 маусым
3243
3
Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарының чемпиондары, ауыратлеттер Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова допинг қолданды деген айыппен тергеу аяқталғанша жарыстардан шеттетілді. Спортшылардың допинг-сынамаларының қайта тексеруінде олардың қанында тыйым салынған заттар бар болып шыққан, - деп хабарлайды Vesti.kz Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ресми сайтына сілтеме жасап.
Қайта тексерудің қорытындысында төрт ауыратлеттің де станозолол қолданғаны, ал Ильин мен Чиншанлоның қосымша тағы екі препарат қолданғаны анықталыпты.
Дүниежүзілік ауыр атлетика федерациясы қазақстандықтарды Олимпиадада алған медальдарынан айыру мәселесін қарастырады екен.
Еске салайық, маусым айының басында шетелдік ақпарат құралдарықазақстандық ауыратлеттердің қанынан допинг табылғаны жөнінде хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло алдағы Олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін.
Кейін Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың "Б" допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растап, бес зілтеміршінің қанынан табылған заттардың күмән туғызғанын хабарлады.
Дерек көзі: Vesti.kz