Головкин Рио Олимпиадасына қатыса алмайды
2016 ж. 16 наурыз
1880
0
Дүниежүзілік бокс кеңесі өкілдерінің пікірінше, Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) кәсіпқой боксшылардың Олимпиадаға қатысуына жол беру арқылы, жай ғана қателік емес, қылмыс жасап отыр, себебі кәсіпқойлар мен әуесқойлар бір-бірімен жұдырықтасу үшін дайындығы түрлі деңгейде болады, деп хабарлайды vRINGe.
«WBC жоғары деңгейдегі кәсіпқойлардың ешқайсысы Олимпиада ойындарына қатысуды ойламайды, себебі бұл - өте қауіпті», - делінген ұйым мәлімдемесінде.
«Бұл мәселе (кәсіпқойлар мен әуесқойларды араластыру - vRINGe) толық түсінікті болмайынша және жарыс форматы қауіпсіз деп бағаланбайынша, WBC өз чемпиондары мен ұйымның бүкіл үздіктер рейтингіндегі боксшыларға Риода алдағы уақытта өтетін ойындарға қатысуға тыйым салады», - деп мәлім етті WBC шенеуніктері.
Еске сала кетейік, 2 наурызда AIBA Чинг-Куо Ву маусымда AIBA жарғысына өзгерістер енгізілген соң кәсіпқойлар Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиадаға қатысу құқығын алатынын мәлімдеді.
Дерек көзі: ҚазАқпарат