Қазақ қызы бокстан Монголия чемпионы атанды
2016 ж. 23 ақпан
2663
0
Ұланбатыр қаласында бокстан жастар арасында өткен ел біріншілігінде қарындасымыз Нұржамила Батырбекқызы Моңғолия чемпионы атанды деп хабарлайды BAQ.KZ.
KAZNEWS ақпарат порталының мәліметінше, 48 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Нұржәмила барлық қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальға қол жеткізген. Сондай-ақ, ол жарыстың «үздік спортшысы» атағын қоса иеленіпті.
Сол жақтан бірінші тұрған Нұржәмила Батырбекызы
18 жастағы Нұржәмила Байн-Өлгийдегі қазақ жастары арасынан шыққан талантты спортшылардың қатарында. Бұл оның бірінші реткі жетістігі емес. Қарындасымыз 2013 жылы моңғол елінің жасөспірімдер арасында өткен бәсекесінде топ жарып, республика чемпионы болған еді. Моңғолия жасөспірімдер құрамасының қатарында шетелдерге де барып, жарысқа қатысқан. Ал, осы рет 15-20 ақпан аралығында өткен ел чемпионатында тағы бір қарындасымыз C.Гүлдәурен 51 келі салмақта сынға түсіп, қола жүлде еншілепті.
Дерек көзі: БАҚ.кз Фото: kaznews.mn