«Барыс» ҚХЛ матчында Минскінің «Динамосын» жеңді (ФОТО)

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» өз айдынында Минскінің «Динамосын» қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті, – деп хабарлайды inform.kz.

null

Екі команда да плей-офф бәсекесіне жолдама алу үшін барын салып жүргендіктен, кездесу тартысты болды. Содан шығар, бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезең басталысымен Кевин Даллмэн шабуылға сәтті қосылып, мергендік танытты. Көп ұзамай сегіз минуттан кейін Максим Худяков есепті 2:0-ге жеткізді. Үш минуттан соң «Динамо» ойыншысы Пол Щехура есепті қысқартқанымен, он секунд өтер-өтпесте Дастин Бойд қонақтар қақпасын дәл көздеді. Үшінші кезең 1:1 есебімен тең аяқталды. Алдымен астаналық Брэндон Боченски көзге түссе, «Динамодан» Райан Веске есепті 4:2-ге дейін қысқартты. Меймандар қанша тырысқанымен, осы есеп ойын соңына дейін өзгерген жоқ.

Сөйтіп «Барыс» тағы бір маңызды жеңісіне қол жеткізіп, 52 ойыннан кейін 78 ұпай жинап, Шығыс конференциясында бұрынғыша жетінші орында келеді. Астаналықтар келесі кездесуін 21 қаңтар күні өз айдынында Шығыс конференциясында 97 ұпаймен көш бастап келе жатқан Омбының «Авангард» командасымен өткізеді. Бұл ойынның «Барысқа» өте қиынға түсетіні анық.

Айта кетейік, бүгін, 20 қаңтар күні Шығыс конференциясында «Барыспен» плей-офф бәсекелеріне шығу үшін таласып жүрген «Автомобилист» (Екатеринбург) пен «Нефтехимик» (Нижнекамск) өзара кездеседі. Шығыс конференциясында «Автомобилист» пен «Нефтехимик» 51 ойыннан кейін сәйкесінше 74 және 72 ұпай жинап, сегізінші, тоғызыншы сатыда тұр. Сондықтан Екатеринбургте өтетін бұл ойынның қос команда үшін де маңызы зор.

null

null

null

null

null

null

null

null

null