ҚР футбол федерациясы Стойловқа ай сайын 100 мың долларды өз қалтасынан төлесін
2015 ж. 11 желтоқсан
1584
0
«Астана» футбол клубының басшылығы бас бапкер Станимир Стойловтың жалақысын көтеріп, 2017 жылдың соңына дейін келісімшартты ұзартты.
Стойловтың ай сайынғы жалақысы 100 000 АҚШ долларына тең. Болгариялық маманның өткен маусымдағы ерен еңбегін «Астана» басшылығы ескерген сыңайлы. Астаналық футболшылар бапкердің нұсқауымен жүріп отырып, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне дейін сүрінбей жетті.
Әлемнің үздік командаларымен терезесі тең ойын көрсетіп, жанкүйерлерін әжептәуір марқайтып тастағаны да рас. Сөйтіп, клуб өзіне тиесілі 16,7 млн долларды қанжығасына басты.
Сонымен, «Астана» басшылығы клубтың тағдырын Стойловқа тапсырып отыр. Демек, болгариялық маман команда ойыншылары мен басшылардың көңілінен шыққан болуы керек.
Айта кету керек, қазір «Астана» командасы демалысқа шықты. Футболшылар 10 маусымда Дубайда жиналып, алғашқы жаттығу жиындарын өткізеді. Жаңа маусымда «Астана» Қазақстан чемпионы атағын қорғайды, ал жазда УЕФА Чемпиондар Лигасында қайта сынға түседі.
Дереккөз: BNews. Бизнес сейчас