Ақтауға велосипедпен жарты әлемді шарлаған жігіт келді
2015 ж. 19 қараша
2320
0
Ақтау қаласына велосипедпен Әзірбайжан, Грузия мен Түркияға сапар шеге отырып, жалғыз саяхат шегуді жоспарлаған Асқар Сызбаев келіп жетті. Бұл оның 28 жасқа келгенше жасаған төртінші үлкен экспедициясы болып табылады. 2013 жылы ол ВС күнгей веложарысына қатысқан болатын. “Париж-Астана” сапарына ол «Алматы - Бішкек - Нарын - Бішкек - Ош - Баткен - Исфара - Худжанд - Душанбе - Термиз - Мазари Шариф - Термиз - Ташкент - Алматы» бағыты бойынша шайтанарбамен жалғыз саяхаты аяқталған соң шығып отыр. Ал мұның барлығы қоғамдық көліктен басталған болатын. Алматы қаласының тумасы, үйінен қашып шыққан алты жасар Асқар троллейбустар мен трамвайларға мініп қалада қыдыратын.
- Мен өз өмірімді жолдарсыз елестете алмаймын. Қазірдің өзінде бөтен елге келген соң қоғамдық көлікке отырып, сол елдің әдет-ғұрпын, мәдениетін, халқын танимын. Бірде, мен Нарыннан Бішкекке троллейбуспен қыдыру үшін шөлейт қысқы жолмен сапар шектім. Мені сөгетін адамдар да бар, бірақ көпшілігі түсіністікпен қарап, қолдау көрсетеді. Саяхат барысында көмектесуге дайын тұратын немесе қарапайым жымиған келбетімен жігерлендіретін мейірімді жандарды көрген кезде мен өзімді өте бақытты сезінемін. Ең бастысы, халықтың мәдениетін құрметтеу және оны тануға талпыну. Қызығы сол, адам неғұрлым кедей болса, соғұрлым көмектесуге әзір болады. Афганистан мен Молдавияда өмір сүру тауқыметі ауыр болғанымен, олардан асқан шынайы, таза және бақытты адамдарды кездестірген емеспін, - деп әңгімелейді Асқар. Асқардың осы саяхаты Астана қ. “Остров Свободы” Әлеуметтік клубының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Оның кезекті бір кештерінде Асқар өзінің қысқы Кавказдың көрінісін көргісі келетінін білдірген болатын. Қызығушылықтары бірдей клубтың мүшелері оған жолға жиналуға көмек көрсетті.
- Өзімнің әр саяхатыма арналған қаражатты мен өзім жинаймын, жүк көтеруші, қар тазалаушы секілді ауыр жұмыстарды атқардым. Дегенмен, осы жолы маған адамдар көмектесті, олардың кейбіреулерін мен танымаймын да. Осы үшін оларға үлкен алғыс айтамын. Мұндай риясыз әрекеттер адамдардың бір-біріне ағайын екендігін білдіреді. Маған ақша көп керек те емес. Афганистан елін қалтамда болған небәрі 60 доллармен саяхаттадым. Ал менің алғашқы саяхатым “Астана-Алматы-Текелі” бағытына 4 мың теңгемен аттанған болатынмын. Қонақүй, дәмхана түріндегі жайлылықсыз-ақ амалдауға болады. Мен ақша жұмсауға тартынбайтын жалғыз себеп - велосипед пен қажетті жабдықтар. Туристтердің көпшілігі Париж, Нью-Йорк қалаларын таңдайды, ал мен болсам шағын ауылдарда, қалашықтарда болып, онда тұратын адамдардың тұрмысымен, тыныс-тіршілігімен танысқанды ұнатамын, - деп атап көрсетеді саяхатшы.
Жаңа саяхаттың есептеу нүктесі Бакудан басталады, онда Асқар ертең таңертең ұшып кетеді. Саяхатшының сөзіне қарағанда, “Саяхаттағы ең қиыны - бұл отбасымен - анасы және қарындасымен, сонымен қатар жаңа таныстарымен қоштасу”.
Ақпараттық Орталық Маңғыстау сайты