Головкиннің келесі қарсыласы 21 қарашада анықталады
2015 ж. 28 қазан
1471
0
Оның барысында ата тегі Камеруннан шыққан француз Хассан Н’Дам Н’Жикам (31-2,18 КО) мен грузин боксшысы Автандил Хурцидзе (31-2-2,20 КО) IBF ұйымы рейтингінің екінші орны үшін қарымта жекпе-жекке шығады.
Спортшылардың қайсы жеңгені IBF рейтингінің бірінші орнында тұрған Багам аралдарының тумасы Туреано Джонсонмен күш сынасады. Ал кейін осы кездесудің жеңімпазы Головкинмен шаршы алаңға шығатын болады.
IBF ұйымының чемпиондығы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тиесілі екендігін айта кетейік, деп жазады boxingplanet.ru.