Геннадий Головкин жанкүйерлеріне қазақ тілінде алғыс айтты

Бүгін кәсіби бокстағы 34-ші жеңісіне қол жеткізген Геннадий Головкин  кездесу соңында жанкүйерлеріне қазақ тілінде алғыс айтты.

головкин

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Давид Лемьенің жақсы жұдырықтасқанын, өзінің жанкүйерге кезекті үлкен шоуды көрсете алғанын айтқан Головкин сөз соңында жанкүйерлері мен демеушілеріне де алғыс білдіруді ұмытқан жоқ.

“Үлкен рахмет сіздерге!” деп ағынан жарылғын боксшының жеңісін бүгінде бүкіл қазақстандықтар тойлауда.

Осылайша, Головкин бүкіл әлемге өзінің боксын ғана емес, қазақ тілін де паш етті.