Үлкен Юбенк: Ұлым Головкинді «жоқ қылады»

Британдық кәсіби боксшы Крис Юбенк өзінің ұлы кіші Крис Юбенктің егер жекпе-жек таяу уақытта ұйымдастырылатын болса, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді «жоқ қылады» деп мәлімдеді, деп жазады Boxingscene.com-ға сілтеме жасап Vesti.kz.

photo_41672

Фото: vesti.kz

«Головкин – есімі әйгілі жақсы бокшы, бірақ менің ұлым оны талқандап тастайды», – деп мәлімдеді үлкен Юбенк.

Ол сондай-ақ, баласы Головкинмен жекпе-жекте жылдамдығының арқасында жеңіске жете алады деп  есептейді.

«Ол (GGG) баяу, оған соққы жасау оңай, оның осал тұсы – осы», – деп атап өтті үлкен Юбенк.

Үлкен Крис Юбенк (Chris Eubank) – орташа, екінші орташа, жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежелерінде рингке шыққан британдық кәсіби боксшы. 1990-1991 жылдары WBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, сондай-ақ, 1991-1995 жылдары WBO тұжырымдамасы бойынша екінші орташа салмақтағы әлем чемпионы болған.

Оның ұлы – кіші Юбенк 2015 жылдың ақпан айында Ресей спортшысы Дмитрий Чудиновпен өткен жекпе-жегіндегі жеңісінен кейін WBA тұжырымдамасы бойынша орташа салмақтағы уақытша әлем чемпионы болып саналады. Өткізген 20 жекпе-жегінің 19-ын жеңіспен (14 нокаут) аяқтап, бір рет жеңілген.

Дереккөз: ИА "Казинформ"