Геннадий Головкин кіші Мейвезердің айтулы қарсыластарының тізіміне енді
2015 ж. 17 тамыз
2346
0
12 қыркүйекте MGM Grand аренасында америкалық кіші Флойд Мейвезер (48-0, 26 KO) мен Андре Берто (30-3, 23 КО) кездеседі.
Флойд үшін бұл боксерлік карьерадағы соңғы жекпе-жек болады. Көпшілікте «Соңғы жепке-жекке Мейвезер неге бұл боксшыны таңдады?» деген сауал туындады. Бұлай істеуіне Рокки Марчианоның рекордын қайталап, бір рет те жеңілмей карьерасын аяқтауы себеп болды деп болжауға болады.
BoxingPlanet.ru кіші Флойд Мейвезердің соңғы кездесуі әлдеқайда қызықты және тартысты өтуі үшін қандай боксшымен кездесуін айқындап, топ-5 қарсыласының тізімін ұсынды.
1-ші орын – Амир Хан (31-3, 19 КО);
2-ші орын – Кит Турман (26-0, 22 КО);
3-ші орын – Шон Портер (26-1-1, 16 КО);
4-ші орын – Геннадий Головкин (33-0, 30 КО);
Ал 5-ші орын – Мэнни Пакьяо (57-6-2, 38 KO), деп жазады sports.kz
Головкин-Мейвезер жекпе-жегі туралы жанкүйерлер және боксшылар арасында көп айтылды. Бұл жерде мәселе салмаққа келіп тірелді. Өйткені екеуі екі түрлі салмақ дәрежеде өнер көрсетеді.
Атап өтейік, Геннадий Флойдпен кездесу үшін салмағын түсіруге дайын екенін хабарлаған.