ТҮРКИЯ ФУТБОЛЫНАН ТӘЛІМ АЛУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

galatasarai 1 Түркияның Галатасарай командасы Еуропадағы ең мықты клубтардың бірі. 2000-жылы Уефа кубогі мен суперкубогін жеңіп алды. 20 рет Түркия чемпионы болып, 15 рет Түркия кубогін, 13 рет суперкубогін жеңіп алған. Бұл клуб 1905-жылы Ыстамбұлда Галатасарай мектебінде Али Сами Йен мен бір топ оқушылардың бастамасымен құрылған-ды. Олардың басты мақсаты – ағылшындар сияқты бір тудың астында команда құрып футбол ойнау еді. Галатасарай футбол мектептері Түркияның барлық қалаларында және дүние жүзінде көптеген мемлекеттерде бар. Мысалы, аталмыш мектептер Австралия, Бельгия, Американың 2 штатында, Әзірбайжанда, Кипрде тұрақты жұмыс істейді. Енді міне Қазақстанда да ашылды. Қазақстанның Уефа құрамында болуы және Еуропа лигаларында ойнауы осыған негіз болды. Қазақстанда Түркия футбол мектебін ашудың басты мақсаты: - жақсы азамат, үздік оқушы және мықты спортшы тәрбиелеу; - Қазақстан футболының дамуына үлес қосу; - Қазақстан жастарын спортқа баулу; Жаттықтыруларды Түркияның кәсіби бапкерлері өткізеді. Уефаның ең жоғарғы дәрежелі (pro-license) және В дәрежелі лицензиясы және тағы басқа көптеген сертификаттары бар тәжірибелі мамандар тартылған. Қазіргі таңда Алматыдағы футбол мектебінде 140-қа жуық тәрбиеленуші бар, әртүрлі жастағы балалар 6 топқа бөлінген. Жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлінген балаларымыз бүгіннің өзінде белсенді түрде жаттығуда. Бұл мектепке сұраныс жоғары болғандықтан Қаскелеңде де қосымша бөлімше ашылып, тағы да 70-ке жуық бала тәрбиеленуде. Түркия футбол мектебі қазақстандық талапкерлерге тәлім беріп, жоғары деңгейдегі шеберлікке қол жеткізген спортшыларға Еуропа футболының есігін ашып беруді де көздейді. Оған қоса Қазақстан республикасы мен Түркия бауырлас мемлекет болғандықтан қазақстандық футболшылар, жалпы түркі халықтарының ойыншылары Түркияда өз ойыншыларымен бірдей шарттарда ойын көрсете алады. Үздік балалар жылына екі рет Түркияға жиындарға, көрсетулерге жіберіледі. Олардың ішінен ең үздіктері Ыстамбұлдағы Галатасарай академиясымен келісім-шартқа отырады. Жаттықтырулар аптасына 3-4 рет орташа есеппен 1-1,5 сағаттан Галатасарай академиясының білікті мамандары әзірлеген әр жас тобына арнайы дайындалған бағдарламаға сай жүргізіледі. Мәселен 5-7 жас арасындағы балаларға допты беріп ешқандай ереже қоймай ойнату және ойната отырып футболға сүйіспеншілігін арттыру басты мақсат болып есептеледі. 7-10 жас арасындағы балаларға тек қана қарапайым ережелері бар негізгі техниканы үйрету, 10-15 жас аралығындағы балалар үшін кешенді түрде техника, тактика және физикалық жаттығулар біріктіріліп жүргізіледі. Яғни, балалардың жасына қарап, олардың шеберліктері де сатылап шыңдалады. Футбол шеберлігін меңгеремін деген жастарға есігіміз ашық! Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Жолдасбеков көшесі № 9 а (Достық даңғылы қиылысы), Еуразия сауда үйінің 3 - қабаты, 1-офис. Телефондар: 8 702 336 19 60, 8 778 788 91 05; galatasaray kazakistan фейсбук және в контакте парақшасында, galatasaray kazakнstan инстаграм желісінде. qazaquni.kz galatasarai   galatasarai 2 Kanish

GalatasaraiKazakstan футбол клубының мүшесі Қаныш Жарылқасын