БОКС: Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атанды
2015 ж. 26 шілде
6229
7

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Лас-Вегастағы шаршы алаңда бірінші ауыр салмақта 31 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері, жартылай ауыр салмақтағы экс-чемпион Бейбіт Шүменов 36 жастағы американдық-мексикалық кәсіби боксшы Би Джей Флореспен жұдырықтасты, деп хабарлайды Sports.kz.WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы титулын алу үшін болған жекпе-жектің 12 раундынан соң күші басым боксшы анықталып, оның нәтижесі бойынша төрешілер қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды.
http://www.inform.kz/