Ертең Бейбіт Шүменов пен Би Джей Флорестің жекпе-жегі өтеді
2015 ж. 24 шілде
2511
0
Астана. 24 шілде. Baq.kz – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов ертең америкалық Би Джей Флореспен өтетін кездесуге дайындығы жайында айтып берді деп хабарлайды ESPN.com. Жерлесіміз айтулы жекпе-жекке жаңа бапкерлік құраммен дайындалды.
31 жастағы қазақ боксшысы соңғы уақытта қабылдаған маңызды екі шешім қаюылдағанын айтты. Оның біріншісі - бапкер алмастыру, екіншісі - жоғары салмақ дәрежесіне өту.
"Исмаэль Салас менің ойымдағы бапкер болып шықты. Біздің көп жағдайда көзқарасымыз бір жерден шығып жатады. Мен үйренген бокс КСРО мектебі болып есептеледі. Менің бапкерімнің отаны Кубада да дәл сол мектеп қалыптасқан. Жаттығудың алғашқы күнінен бастап-ақ біз ортақ тіл табыса алдық. Бас бапкердің жанында екі көмекші бапкер де бар, олар: Джефф Грмоя мен Родни Крайслер. Төртеуміз бар білгенімізді ортаға салып, тәжірибе де алмастық. Иұның барлығы менің деңгейімнің өсіп, мықты боксшы атануым үшін қажет" деді Шүменов америкалық тілшілермен болған сұхбатта.
Ол сондай-ақ, өзінің салмағына байланысты да пікірін білдірді.
"Мен 175 фунт салмақта жүргенімде бар ойым салмақ тастауғ арықтау болатын. Жекпе-жек екінші орынға түсіп кететін. Ұтылуымның да негізгі себебі сол. Салмақ қуамын деп жүйкем тозды, бұл жекпе-жектің кезінде көзге анық көрініп тұрды. Ал, қазір өзімнің рахатым үшін шаршы алаңға шығамын, салмақ тастап қиналмаймын" деп түйіндеді боксшы.
Шүменов Флорестің тәжірибелі боксшы екенін, алайда, ертеңгі жекпе-жекте оған еш мүмкіндік қалдырмайтынына сенімді. Аталған кездесу 25 шілде күні Лас-Вегас қаласында өтеді деп күтілуде.