Головкин – Facebook-тегі ең танымал қазақстандық атанды
2015 ж. 22 шілде
1973
1
Facebook әлеуметтік желісіндегі ең танымал 30 қазақстандықтың тізімін Pandaland.kz сайты жасады. Алғашқы орын 113 мың оқырманы бар Геннадий Головкиннің еншісінде.

«Ол елінің мақтанышы ғана емес, кәсіби боксшының әр жекпе-жегін асыға күтетін жандар әлемнің түкпір-түкпірінде миллиондап саналады. Жанкүйерлер Facebook парақшаларында Геннадийдің әр айқасы жайлы видеоларды, фотосуреттерді жариялап, ол туралы жазылған мақалаларға өз пікірлерін білдіріп жатады. Біз егер орта салмақтағы әлемнің суперчемпионы қазақстандық спортшының Facebook-те өз парақшасы болса, жазылушылар бірнеше есе көп боларына сенімдіміз», – деп хабарлайды сайт.
Сонымен қатар бұл тізімге тағы бір қазақстандық спорттың өкілі, «Астана» командасының автошабандозы Айдын Рахымбаев та еніп отыр. 3132 оқырманы бар Айдын 26-орында.
Дереккөз: ИА "Казинформ"