UWW әлемдік палуандар рейтингінде 6 қазақстандықтың есімі аталды
2015 ж. 13 шілде
2332
2
Грек-рим стиліндегі күрестен жаңартылған UWW әлемдік палуандар рейтингі жария болды. Рейтинг тізімінде алты қазақстандықтың есімі жазылған, деп хабарлайды baistars.kz.
59 келіде өнер көрсететін Алмат Кебіспаев – 19-шы орында. Демеу Жадырәлиев (66 келі) – 12-ші орында және тағы бір осы салмақ өкілі Айбек Еңсеханов – 17-ші орында.
Ал Асхат Ділмұхамедов (80 келі) – 14-ші орында болса, 85 келіде күресетін Нұрсұлтан Тұрсынов 19-шы орында.
Жерлестеріміздің арасында ең үздік көрсеткіш аса ауыр салмақта күресіп жүрген Нұрмахан Тінәлиевтің еншісінде. Ол 5-ші орында тұр.