Теннисші Зарина Дияс бокс бойынша әлем чемпионынан сабақ алды (фото)
2015 ж. 10 шілде
2218
0
Осыдан 4 жыл бұрын Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусіновтен сабақ алған болатын. Сол жаттығудан алғашқы суреттер “Астана Спорт” журналында жарияланды деп хабарлайды Bnews.kz.
Ол уақытта екі спортшы да спорт әлемінде енді ғана танылып келе жатқан болатын. Зарина Дияс Кремльдегі Кубокты жеңіп алған соң әлем жұртшылығының назарына ілікті, ал Данияр Елеусінов 2010 жылы Азия чемпионы атанды.
Фотосессия Астанадағы бокс орталығында өтті. Зарина Дияс қолына қолғап киіп, барлық снарядты сынап көрді. Боксқа да икемінің бары бірден-ақ көрінді спортшы қыздың.
Араға төрт жыл салып, екі спортшыны да әлем халқы танып отыр. Зарина 4 жыл ішінде Қазақстанның бірінші ракеткасы атанып, Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде ТОП-40 тізіміне енді.
Сонымен қатар, ол екі жыл қатарынан Уимблдон турнирінің ширек финалына дейін сүрінбей жетті. Елеусіновке келер болсақ, ол әлем чемпионы атағын жеңіп алды, ал 2014 жылы Азия ойындарында екінші рет жеңіске жетті. Сонымен бірге, әлемнің екі дүркін үздік боксшысы атанды.
Дереккөз: BNews. Бизнес сейчас