Әкім палуанға автокөлік мінгізді

Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкрекбаев “Қазақстан-барысының” V республикалық турнирінде жеңіске жеткен Бейбіт Ыстыбаевқа автокөлік мінгізді деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды

1594

Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің сайтынан алынды

Бүгін, 9 шілде де Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкрекбаев жамбылдық балуан Бейбіт Ыстыбаевты қазақ күресі турниріндегі  кезекті жеңісімен құттықтады.

Облыс әкімі Бейбіт Ыстыбаевтың ұлттық спорт түрі «Қазақ күресін» дамытуға қосып жатқан салмақты үлесін атап өтіп, алдағы уақытта да спорттық табыстарға жетуіне тілектестік білдіріп, балуанға жаңа автокөліктің кілтін тапсырды, ал жеңімпаздың бапкеріне ақшалай сыйлық табыстады.

Еске сала кетсек, Жамбылдық балуан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі – қазақ күресінен өткен «Қазақстан барысы» турнирінде екінші рет еліміздің ең үздік балуаны атағын жеңіп алғаны белгілі.

Астанадағы республикалық «Сарыарқа» велотрегінде өткен сайысқа еліміздің мықты деген 32 балуаны қатысқан болатын.

Ақтық кезеңдегі тартысты күресте Бейбіт Ыстыбаев қызылордалық Руслан Әбдіразақовты айқын басымдылықпен ұтқан еді. Ал, турнирдың қола жүлдесі Ғани Сейділдаевқа бұйырды.

Турнир соңында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жамбылдық балуанға өз қолымен алтын тайтұяқ пен 150 мың АҚШ долларының түбіртегін табыстаған.

Дереккөз: Nur.kz