Тағы бір америкалық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Алғашқы орта салмақта WBO тұжырымындағы әлем чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Америкалық боксшы Головкинмен алғашқы орта салмақта (69,9 келі) бокстасамын деп отыр. Айта кету керек, 27 жастағы Теренс Кроуфорд бүгінге дейін кәсіби карьерасында 26 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (18 КО). Ал қазақстандық Геннадий Головкин шаршы алаңда 33 кездесу өткізіп, барлық қарсыласынан басым түскен (30 КО). Сонымен қатар, отанадсымыз үздіксіз нокауттар сериясын 20-ға жеткізіп, әйгілі Майк Тайсонды артқа тастады.