Халықаралық бокс федерациясы Головкин мен Лемье кездесуіне қарсы емес
2015 ж. 25 маусым
2751
0
Халықаралық бокс федерациясы Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы кездесуге қарсы емес. Бұл ақпаратты қазақстандық спортшының промоутері Том Леффлер хабарлады деп жазды Астана арнасы.
Леффлердің сөзіне қарағанда, IBF басшылары екі чемпион арасындағы кездесуге қарсы емес екенін айтқан. Ендігі мәселе — Канада спортшысының мүддесін қорғайтын «Голден Бой» промоутерлік компаниясымен келісім келу қажет.
Еске салайық. Жуырда Канаданың Монреаль қаласында өткен жекпе-жекте Давид Лемье Франция спортшысы Хассан Н Жикамды төрешілер шешімі бойынша жеңіп, Халықаралық бокс федерациясының тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуді ұтып алды.
Егер жақын арада Геннадий Головкин мен Давид Лемьенің промоутерлері ортақ шешімге келетін болса, онда екі спортшы арасындағы жекпе-жек өтетініне күмән жоқ.
Источник: Астана телеарнасы