Головкиннің жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирде тамашалайды

Головкиннің американдық кіші Вилли Монромен мамырдың ортасында өтетін жекпе-жегін “Қазақстан” телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді деп хабарлады  BNews.kz “Қазақстан” телеарнасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Головкин - 01 17 мамыр күні таңертең 7.00-ден бастап “Қазақстан” телеарнасы орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин қатысатын бокс кешін Лос-Анджелес қаласынан тікелей эфирде көрсетеді. Геннадий Головкин мен орта салмақта “Boxcino 2014″ турнирінің жеңімпазы 28 жастағы кіші Вилли Монроның жекпе-жегі 17 мың адам сиятын “The Forum” аренасында шамамен таңғы 9.00-де басталады. Бокс кеші 17 мамыр күні күндізгі уақытта және 18 мамыр күні кешкі уақытта “Кazsport” телеарнасынан қайталап көрсетіледі.