Головкин: 16 мамырда үлкен шоу көрсетуге уәде беремін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында 16 мамырдағы кезекті жекпе-жегінде үлкен шоу жасауға уәде берді, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Тағы бір кездесуімді Лос-Анджелесте өткізетініме өте қуаныштымын. Монро өте тәжірибелі солақай боксшы, бұл жекпе-жек мен үшін үлкен сын болғалы тұр. Бұл күнді асыға күтемін. 16 мамырда жанкүйерлеріме кезекті рет үлкен шоу көрсетуге уәде беремін", - дейді Геннадий Головкин. Еске сала кетсек, Головкин (32-0, 29 КО) мен Монро (19-1, 6 КО) арасындағы кездесу 16 мамыр күні Инглвудтағы (Калифорния штаты, АҚШ) 17 мың орындық The Forum аренада өтеді.