Илья Ильин әлемнің үздік атлеті атанды

Илья Ильин әлемнің 2014 жылғы үздік зілтеміршісі атанды. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясы хабарлады.

Илья Ильин әлемнің үздік атлеті атанды Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2014 жылдың үздік спортшысын дауыс беру арқылы анықтады.

Нәтижесінде ерлерден қазақстандық екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, әйелдерден ресейлік Татьяна Каширина жеңіске жетті. Екі спортшы да өткен жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында бірнеше рекордтарды орнатып, жанкүйерлерін қуанышқан бөлеген еді.

Источник: BAQ.KZ