Rafako Hussars Poland-ке қарсы шығатын Astana Arlans құрамы анықталды

Astana Arlans клубы мен Rafako Hussars Poland командасы арасында өтетін кездесуде шаршы алаңға шығатын боксшылардың тізімі жарияланды. Бұл туралы "Астана арландарыны" ресми сайтына сілтеме жасап 24 kzхабарлайды.

49 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Ержан Жомарт Ягодзинский Давид Себастьянмен жұдырықтасады. 56 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Тоитов Мейірболат Козловский Сильвестр Гржегоржпен өзара мықтыны анықтайды. 64 кг дейінгі салмақта Самат Башеновтың қарсыласы Леговский Казимир Гржижтов атанды. 75 кг дейінгі салмақта Мейірім Нұрсұлтанов Яблонский Томашпен қолғап түйістірсе, ауыр салмақта (+91 кг) Василий Левит Якубовский Игорь Павелпен шаршы алаңға шығады. Естеріңізге сала кетейік, бұл – аталған екі команданың екінші кездесуі. Осы маусымдағы алғашқы кездесу қыста өткізіліп, ойын 3:2 есебімен қазақстандық команданың пайдасына шешілген болатын.

Источник: 24.kz