Дүниежүзілік бокс кеңесі Головкиннің Коттомен жекпе-жегін талап етуде
2015 ж. 27 ақпан
2690
0
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Мигель Коттоның Геннадий Головкинмен аталған ұйымның нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы атағын өз еркімен қорғаған соң кездеседі деп күтуде.
Бұл туралы BoxingScene.com-ға сілтеме жасаған sports.kz хабарлайды.
Коттоның мәлімдемесінен кейін WBC президенті Маурисио Сулейман оның ұйымы Коттоға атағын өз еркімен қорғауына маусым айында рұқсат беретінін, одан кейін ол (немесе бұл жекпе-жектің жеңімпазы) Головкинге қарсы шығатынын тағы бір рет растап өтті.
"Мигель Котто қарсыласын таңдап, атағын өз еркімен қорғау мүмкіндігін алады. Бірақ жеңімпаз Головкинмен жекпе-жекке шығуы тиіс болады", - деп атап өтті Сулейман.