Қанат Ислам шапан таңдау үшін жанкүйерлерден көмек сұрады
2015 ж. 27 ақпан
3893
9
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 23 наурызда өтетін кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр.
Кездесу қарсаңында отандасымыз жаңадан тігілетін шапанының екі түрлі дизайнын жанкүйерлерінің таңдауына ұсынды. Таңдап алынған дизайн бойынша жаңадан шапан тігіліп, алдағы жекпе-жегінде киіп шығады.
Спортшы шапанның үлгісін жанкүйерлері таңдап бергенін қалап, екі дизайнның біріне дауыс беруді сұрап отыр.
