ҚАЗАҚ БАТЫРЫ ГЕНАҒА ҰЛТТЫҚ ШАПАНДЫ СЫЙЛАҒАН ӘБДІМӘЖИТ БАУЫРЫМЫЗ!

GGG 1 ҚАЗАҚ БАТЫРЫ ГЕНАНЫҢ 32-ші ЖЕҢІСІНЕ КИІП ШЫҚҚАН ҰЛТТЫҚ ШАПАНДЫ ТІКТІРІП, МОНАКОГА АЛЫП БАРЫП СЫЙЛАҒАН ОТЫРАРЛЫҚ ӘБДІМӘЖИТ СЫЗДЫҚБЕК БАУЫРЫМЫЗ ОСЫ АЗАМАТ!
"Әлемнің үздік боксшысы атанған Гена сол қазақы қалпынан танбай әр жеңісі сайын Қазақстанның көк туы мен шапан киіп шығады. Бір әттеген-айы, үстіне ұлттық шапан деп киіп жүргені қазақтың шапаны емес, шығыстық, өзбек шапаны екенін Генаға айта қояр ешкім табылмаған секілді.  Осы кемшілікті толтырғысы келген Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының кәсіпкер азаматы Әбдімәжит Сыздықбеков өзі бастамашы болып, ұлттық шапан тіктірді. Ол шапаны – нағыз қазақтың ұлттық шапаны деуге тұрарлық болып шықты! Көк туымызда бейнеленген күн астындағы қыран мен ұлттық оюлар және Генаның ертаңбасы – GGG атты әлемге әйгілі болған жазу да көрнекі бейнеленген.Кезінде құмды өңірге «Алпамыс батыр» стадионы мен тұтас спорт кешенін салдырып, бүкіл зиялы қауым мен спортшылардыжинаған Әбдімәжит Саттарұлы тек шапан тіктірумен шектелмей, сол шапанды алып, Монако қаласына ұшып та кетті. Бүгін Париж қаласынан бізге хабарласып, qazaquni.kz ұлттық порталына рахметін айтты"-деп жаздық біз "ГОЛОВКИННІҢ ЖЕҢІСІНЕ СЕНІМДІ ЕЛ ҰЛТТЫҚ ШАПАНДЫ КИІП ШЫҒУЫН ТІЛЕУДЕ" атты мақалада.  http://www.qazaquni.kz/?p=33649
Генаға ел атынан шапан жауып,  дидарласып, халық тілегін жеткізген   Әбдімәжит Сыздықбеков құдай қаласа, 25 ақпанда Қазақстанда болады. Ең алдымен "Қазақ үні" газетіне сұхбат береді.

Қ. Жарылқасынұлы

qazaquni.kz

ГОЛОВКИН ШАПАНЫН АУЫСТЫРА МА? ГЕНАҒА АРНАП ҚАЗАҚЫ ШАПАН ТІГІЛДІ
http://www.qazaquni.kz/?p=33604
ГОЛОВКИННІҢ ЖЕҢІСІНЕ СЕНІМДІ ЕЛ ҰЛТТЫҚ ШАПАНДЫ КИІП ШЫҒУЫН ТІЛЕУДЕ

http://www.qazaquni.kz/?p=33649
ДА БУДЕТ ПОБЕДА ГЕНЫ В КАЗАХСКОМ ЧАПАНЕ! http://www.qazaquni.kz/?p=33685
ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҰЛЫ ГЕНА ЖЕҢІСТІ САЙЫСЫНА ҚАЗАҚ ШАПАНЫН КИІП ШЫҚТЫ!!! (видео)
http://www.qazaquni.kz/?p=33744

GGG1-1-A