Промоутер Головкиннің кіші Чавеспен маусымда жұдырықтасуға дайын екенін айтты

Орта салмақтағы WBA (Super) және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкин мүддесін қорғаушы промоутер Том Лёффлер Twitter –де қазақстандық боксшыны нокаутпен жеңемін деп жазған мексикалық Хулио Сезар Чавес-кішінің мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Allboxing.ru.

GGG1-3 "Керемет мәлімдеме, - деген Лёффлердің сөзін Ringtv. com. келтірді. – Оған Twitter-ге жазғанша, жұдырықтасуға келіскені жақсы болар еді. Егер ол Фонфараны жеңсе, Головкинмен керемет жекпе-жек өтер еді. Головкин маусым айында жұдырық түйістіруге дайын", - деді Леффлер өз жазбасында.

Еске сала кетсек, 2015 жылғы 22 ақпанда Монте-Карлода қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 72,6 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі WBA және WBC чемпионы атақтарын қорғап қалды. Геннадий Головкин Мартин Мюррейді 11-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ал жекпе-жектен кейін орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, мексикалық Хулио Сезар Чавес-кіші Геннадий Головкинді жұдырықтасуға шақырып, тіпті қазақстандық боксшыны нокаутпен жеңетін болса, оған миллион доллар беруге дайын екендігін айтты.