ГОЛОВКИННІҢ ЖЕҢІСІНЕ СЕНІМДІ ЕЛ ҰЛТТЫҚ ШАПАНДЫ КИІП ШЫҒУЫН ТІЛЕУДЕ

7
4039

Бүгін, 18 ақпанда  qazaquni.kz ұлттық порталы «ГОЛОВКИН ШАПАНЫН АУЫСТЫРА МА?  ГЕНАҒА АРНАП ҚАЗАҚЫ ШАПАН ТІГІЛДІ»
( http://www.qazaquni.kz/?p=33604 ) атты ақын Серік Сейтманның мақаласын жариялады. Бұл мақалаға ел әлеуметтік желіде жарыла жаппай үн қосуда. Барлығы бір ауыздан қолдау білдіруде.

 Иә, ұлтаралық ынтымақтың жарқын белгісіндей жарқылдап жүрген кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Геннадийұлы Головкиннің: әкем – орыс, шешем – кәріс, өзім – қазақпын» -деген қанатты сөзі интернент әлемін шарлап кетті. Әлемнің үздік боксшысы атанған Гена сол қазақы қалпынан танбай әр жеңісі сайын Қазақстанның көк туы мен шапан киіп шығады. Бір әттеген-айы, үстіне ұлттық шапан деп киіп жүргені қазақтың шапаны емес, шығыстық, өзбек шапаны екенін Генаға айта қояр ешкім табылмаған секілді.  Осы кемшілікті толтырғысы келген Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының кәсіпкер азаматы Әбдімәжит Сыздықбеков өзі бастамашы болып, ұлттық шапан тіктірді. Ол шапаны – нағыз қазақтың ұлттық шапаны деуге тұрарлық болып шықты! Көк туымызда бейнеленген күн астындағы қыран мен ұлттық оюлар және Генаның ертаңбасы – GGG атты әлемге әйгілі болған жазу да көрнекі бейнеленген.
 Кезінде құмды өңірге «Алпамыс батыр» стадионы мен тұтас спорт кешенін салдырып, бүкіл зиялы қауым мен спортшыларды жинаған Әбдімәжит Саттарұлы тек шапан тіктірумен шектелмей, сол шапанды алып, Монако қаласына ұшып та кетті. Бүгін Париж қаласынан бізге хабарласып, qazaquni.kz ұлттық порталына рахметін айтты:
–      Гена бауырымыз рингке шығып, жеңіске жетіп, көк туды жамылып шыққан  сайын бүкіл қазақтың төбесі де көкке жетеді!  Тек киіп шығатын шапаны біздің көршілердің, өзбектің шапаны екенін көргенде, о бастан олармен бәсекелесіп келе жатқан біздің ішіміз қылп етіп, дызылдап-ақ қаламыз… Енді, міне, өз қолыммен тапсырыс беріп, тіктіріп, алып бара жатырмын. Жұма күні, құдай қаласа, Монако қаласында боламын. Алдын-ала Генамен келіссөз жүргізуге тырысып жатырмыз. Ал сіздердің qazaquni.kz сайты мен әлеуметтік желілерде, БАҚ-тарға,  осы тілекке үн қосып, қолдап жатқан барлық қазақстандықтарға шын жүрегіммен алғысымды жеткізсеңіздер екен. Ендігі ниет – тек Генаға жеңіс тілеу ғана, -деді.
Әбекең алдағы уақытта әлемдік шаршы алаңдардың шаңын шығарып жүрген тағы бір баһадүр ұлымыз, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері  Қанат Исламға да осындай шапан тіктіру жоспарлап отырғанын айтты. «Тек Қанат бауырымызға Генаның жеңісті жолын тілеймін» дейді.
Ұлттық батырымыз Генаға да, Алпамыс батырдың ұрпағы, ұлтжанды патриот азамат Әбдімәжит Саттарұлына да Ақ жол тілейміз! Алла тағала Гена батырды жеңіс үстіндегі ұлттық шапанмен көруді жазсын!
 Қазыбек ИСА, 
qazaquni.kz

 

 

 

 

7 ПІКІРЛЕР

  1. Енді Қанат Исламға тігілетін шапанды, яғни батырлар мен палуандар киетін шапандарға салынатын ою – өрнектерді, бүркіт топшыларын этнографтармен, тарихшылармен, өнертанушылармен, хас шеберлермен жан – жақты ақылдасып барып, тіккен жөн болады…

  2. Нағыз өнер туындысы.Жеңіс тұғырына шыққан спортшыларымызға киіп шығуына өте лайықты.Әбдімәжит Сыздықбеков мырзаның ұсынысын мемлекет тарапынан бекіттіру керек.Мемлекеттік сыйлық бергізу керек.

  3. Әбдімәжит дер кезінде жақсы бастама көтеріп, және оны жүзеге де асырғаны дұрыс болған.
    Бірақ мына шапанды тіккен шеберлердің білім таяздығы қынжылтып отыр. Біздің түп – тамырын тереңнен алатын Ұлы Даланың түлектері Ұлы қазақ халқының салт – дәстүрлері мен мәдениетінің, әдеп – ғұрыптарының терең құпияларын 200 жылдан астам отарлық жүйенің кесапаттарының арқасында жадымыздан шығарып алдық. Соның ішіндегі бірегейлерінің бірі ою – өрнектеріміз. Мұнда түрлі құпия сырлар сақтаулы тұр. Бұл оюлар тұмардың да қызметтерін атқарады. Сондықтан оны орнымен қолдана білген дұрыс болады. Және соңғы жылдары орынды да, орынсыз тойларда, мемлекеттік қабылдауларда, шетелдіктерге шапан мен киелі оюлары бар қалпақтарды сый – сияпат ретінде беру үрдісі белең алды. Бұл дұрыс емес! Білместікпен киемен ойнау деген сөз.
    Өткен дәуірлерде БАБАЛАРЫМЫЗ әртүрлі деңгейде дайындалған шапандарды да түрлі сатылы әлеуметтік дәрежесі бар елге еңбегі сіңген текті азаматтарға Қазақ Тектілерінің шешімімен ғана берген. Қазақтың Құпия шежіресінде Есім Ханның Қазақтың Мәруанахр Текті Биіне осындай шешімдермен берілген «Ақ туар» шапанды тартым алам дегенде, Арқадағы Ұлытауда басы шабылған… Құпия тектілікті аяқ асты еткеннен соң елден бірлік кетіп, неше түрлі қөырғындар белең алған…
    Тағы да қайталап айтамыз,шапан тігетін ШЕБЕРЛЕРГЕ!!!
    Мұндағы ою – өрнектердің өзі жазу мен таңбалар, айтар ойы бар насияттар мен ескертулер! Бабаларымыз бен аналарымыз харіптер пайда болғанға дейінгі сөз бен хат — хабарларды осы ою — өрнектермен бере білген. Оның пайда болуы өте ежелгі дәуірлерден басталады. Жазудың киелі екенін мойындасақ, оюларды да орнын тауып қолдана білу керек. Себебі кез-келген ұлттық оюлардың өзінің айтар ойы мен терең сырлары мен құпиялары бар. Киелі Абыздар мен Ұлы Қаһандар бейнеленген оюларды аяқ астына төсейтін киіздер мен сырмақтарға, төсеніштерге, көрпешелерге салуға болмайды. Ондай төсеніштерге өсімдіктер бейнеленген оюлардың қолданылғаны дұрыс.
    Киелі оюлардың шаңырақ пен басқұрларда,қабырғаға ілуге арналған кілемдерде хандар мен сұлтандар киетін бас киімдерде, бағалы шапандарымыздың жағаларында болғаны дұрыс. Шапандардың етегі мен аяқ киімдерде бұрын өсімдіктер бейнеленген оюлар қолданылған. Қазіргі кезде білімсіз шеберлердің арқасында оюлар орнын таппай,кез — келген заттарға салынып аяқ асты болуда. Бұл киемен ойнау деген сөз. Оюды тани біліп, орнымен қолданған дұрыс.
    Тау — тастарда қашап салып, қалдырылған түрлі суреттердің де айтар сырлары мен құпиялары мол. Қазір осы ою-өрнектер мен тау мен тастардағы суреттердің сырын ашатын ғылыми мекемелер жоқ. Бұрыңғы мықты ғалымдар мен ескі құпия сырларды білетін абыздар совет өкіметінің алғашқы жылдарында ақ олардың көмегімен дүниеден өтіп кетіпті. Ендігі үміт жаңа толқын, тума талант, көріпкелдігі бар болашақ ғалымдарымызда…

  4. Әбеке жарайсың,азамат екенсіз. Қазақстандық әр азамат осындай болса екен. Осындай шапандар ел, ұлт мақтанышы.

  5. недавно наткнулся на новую фишку что помогла мне бросить курить за 2 дня, я был в шоке, потому что перед тем много чего перепробовал и не помогало. Вот кстати чувак пишет об этом в своем блоге — tok.pw/nosmok

  6. Ой, жарайсыз Әбекем!Қанат Исламға да ұлттық шапан тігемін дегеніңізге риза болып отырмыз! Екі батырға да Жеңіс тілейміз! Өзіңізге Ақ жол тілейміз!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз