
Негізін Қазақстан чемпионатындағы хоккейшілеріміз құрайтын еліміздің студенттері финалда Ресей құрамасымен кездесті. Өкінішке қарай, 1:3 есебімен есі жіберіп алып, күміс жүлдені көңілге медеу тұтты.
Егер біздің хоккейшілер жеңіске жетсе, Қазақстан спортшылары жалпы командалық есепте екінші орынға ие болар еді. Сонымен 5 алтын, 6 күміс барлығы 11 медальді қоржынға салған Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 3 орынға қол жеткізді.
Бірінші орында Ресей, ал екінші орынды алтындарының саны бізбен бірдей, бірақ күмісі көбірек Кореяның судент-спортшылары иеленді.