Головкиннің бокс кешіне қазақстандық журналистер қатыспайды

Ақпанның 21-де Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей арасында өтетін жекпе-жекке бірде бір қазақ журналисі бармайтын болды деп хабарлайды Proспорт газетінің қазақ бөлімі.

 Головкиннің бокс кешіне қазақстандық журналистер қатыспайды Себебі, ұйымдастырушылар бокс кешінен хабар таратуға ұсыныс жіберген қазақстандық өкілдердің өтінішін кейін қайтарған.

Газет пен журнал тілшілерін былай қойғанда, кездесуді тікелей эфир арқылы таратуға мүмкіндігі бар KazSport арнасының журналистеріне де Генаның жекпе-жегін оқиға орыннан көру құқығы берілмеді. Eric Bessone есімді азамат аккредитацияға өтініш білдірген барлық қазақстандық журналистерге бірдей жауап қайтарған. Ондай былай делінеді: "Аккредитацияға өтініштер өте көп болғандықтан, сіздің сұранысыңызды қабылдай алмадым" (Sorry for the negative answer, your accreditation hasn’t been accepted, due to a huge number of requests. Eric Bessone) Есесіне, шетелдік журналистердің өтініші мақұлданып оларға жақсы орындар берілген. Қазақстандық журналистер ұйымдастырушылардың өздеріне деген немқұрайды көзқарасы мен өшпенділігін түсіне алмады.

Источник: NUR.KZ