Жақыпов олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындарының лицензиясы сарапқа салынған AIBA Pro Boxing (APB) турнирінің кезекті рейтингтік кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Жақыпов олимпиада лицензиясын жеңіп алды 49 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы бұл жолы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 3:0 есебімен (58:56, 58:56, 58:56) бразилиялық Шагас Валерио Лоуренсиді айқын ұтты. Жекпе-жек Қытайдың Гонконг қаласында өтті. Қос боксшы бұған дейін шаршы алаңда бір рет кездескен, ол кезде де Жақыпов қарсыласынан басым түскен болатын. Сонымен, қазақстандық боксшы олимпиада ойындарының лицензиясына тағы бір қадам жақындай түсті. Енді Жақыпов жазда өтетін турнирдің екінші маусымында финалға шықса, олимпиадаға жолдама алады. Айта кетсек, рейтингтік кездесулерден сүрінбей өтіп, финалға шыққан боксшы осы салмақтағы чемпиондық белбеудің иегерімен күш сынасады.