Отандық зілтеміршілер Олимпиададан 5 алтын алуды жоспарлауда

3
1215

Қазақстандық ауыр атлеттер Рио-де-Жанейро Олимпиадасында 5 алтын алуға үмітті. Өткен жылды қорытындылаған мамандар осындай мәлімдеме жасады.

Отандық зілтеміршілер Олимпиададан 5 алтын алуды жоспарлауда
Енді жолдамалар санын арттыру керек. Лондон Олимпиадасында 4 алтынға қол созған отандық зілтемір шеберлері былтырғы әлем чемпионатында үш мәрте топ жарды.

Қазір спорттың бұл түрі елімізде даму үстінде. Қомақты қаржының арқасында аяғынан тік тұрған салаға биыл 670 миллион теңге бөлінді. Негізгі бағыт аймақтарға бұрылады.

Допинг дауы – назардағы мәселенің бірі. Осыған байланысты Алматыда арнайы допингке қарсы зертхана да жұмысын бастады. Жылдың негізгі жарысы АҚШ-та өтетін әлем чемпионаты болмақ.

Қазақстан бұл сында 10 жолдама ұтып алуды көздейді. Оның алтауы жігіттерге тиесілі.

Источник: ИА «Казинформ»

3 ПІКІРЛЕР

  1. Без надежды может жить только шайтан. Надежда есть. Я благодарен нашему Главному Тренеру Р.к. ПО ШТАНГЕ Алексей НИ,очень опытный хороший Тренер ,если настроил наших ребят на хорошую победу,значить БЫТ КАЗАХСТАНУ с ЗОЛОТОМ .

  2. Иә-иә табыс тілейміз! Жазира мен Жасұланға тек алтын! алға Қазақстандық зілтеміршілері!Илья бауырымыз алтын алатынына сенімдіміз!Қазақтың атын шығара беріңіздер!

  3. Зіл темірші ұл-қызым,жарқыраған жұлдызым.Паш еттің әлем халқына,Рекорттар ұғымын.Балуаншолақ сарайы, сыйлады сындар тұғырын. Атадан мұра ерліктің, атойлатып бар қырын. Атаңның түсін төгілген, мейрімге толы жан сырын.
    Жеңіс жеңіске жалғассын! Әбіжан Омарқұлов 16. 11. 2014 жыл.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз