Зарина Диас әлемдегі ең сұлу теннисшілер тізіміне енді

0
2093

Қазақстанның нөмірі бірінші теннисшісі, Әйелдер теннис қауымдастығында (WTA) үздік қырық теннисшінің қатарынан ойып тұрып орын алған отандасымыз Зарина Диас әлемдегі ең сұлу теннисшілердің қатарында, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы Еуроспорт басылымына сілтеме жасап.

Зарина Диас әлемдегі ең сұлу теннисшілер тізіміне енді
Кеше Еуроспорт басылымы әлемдегі ең сұлу деген 16 теннисшінің тізімін жасапты. Бұл тізімге Australian Open додасында сынға түскен теннисшілер іліккен.Олардың қатарында біздің отандасымыз Зарина Диас та бар.

Басылым тізімге енген қыздардың барлығын да сұлу, сымбатты, бірақ, әртүрлі себептерге байланысты ерлерге арналған журналдардың мұқабасына шыға алмай жүр деп жазыпты.

Бұл тізімге Зарина Диастан бөлек Ежени Бушар (Канада), Цветана Пиранкова (Болгария), Андреа Петкович (Германия), Тимеа Бабош (Венгрия), Элина Свитолина (Украина), Моника Пюинг (Пуэрто-Рико), Леся Цуренко (Украина), Виталия Дьяченко (Ресей), Слоан Стивен (АҚШ), Сорана Кырстя (Румыния), Александра Крунич (Сербия), Бояна Йовановский (Сербия), Блия Гергес (Германия), Донна Векич (Хорватия), Николь Гиббс (АҚШ) енген.

Источник: Алаш Айнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз