Australian Open турнирінде Зарина Дияс әйгілі Мария Шараповамен кездеседі
2015 ж. 21 қаңтар
1626
2
Теннисші қызымыз Зарина Дияс "Australian Open" додасының (Австралия ашық чемпионаты) үшінші айналымға шықты деп жазады zhasorken.kz.
Зарина алғашқы ойынында неміс теннисшісі Урсула Радваньскамен кездесіп, есебімен жеңіске жеткен (3:6, 6:4, 6:2) болатын.
Ал бүгін екінші айналымында Анна Шмидловаға қарсы ойнады. Словакиялық спортшы біздің қыздан 2:1 (3:6, 6:2, 8:6) есебімен жеңіліп қалды.
Енді Зарина үшінші айналымда әйгілі теннисші Мария Шараповамен кездеседі. Шарапова өз кезегінде қазақ қызымен өтетін ойынға қатты алаңдамайтынын айтқан.