Қазақстанның төрт бапкері әлемнің ең үздік бапкерлері қатарына енді

"Football Coach World Ranking" порталы жылдың үздік клуб және құрама бапкерлерінің рейтингісін жариялапты. Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Baq.kzхабарлайды.

Қазақстанның төрт бапкері әлемнің ең үздік бапкерлері қатарына енді Станимир Стойлов

Рейтингке 1318 клубтың бас бапкерлері енген. Бұл тізімде Қазақстан премьер-лигасынан төрт бапкер бар. "Астана" командасының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов 483-ші, "Ордабасы" бапкері Виктор Кумыков 968-ші "Ақтөбе" бапкері Владимир Газзаев 972-ші, "Қайрат" бапкері Владимир Вайсс 1096-шы орында. Өткен жылы "Шахтердің" бас бапкері Виктор Кумыковтың көрсеткіші жоғары болған. Қарағанды командасымен Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен Кумыков мырза 526-шы орында болған еді. Ал құрамалардың бас бапкерлерінің тізімінде 405 адам бар. Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Юрий Красножан 335-ші орында тұр. Өткен жылы чехиялық маман Мирослав Беранек 161-шы болған еді.

Источник: BAQ.KZ