15 жастағы қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік Чехияда әйелдер арасында өткен «Прага Оупен» халықаралық турнирінде үздік шахматшы атанды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Жансая Әбдімәлік 9 турда 6 ұпай жинап, әйелдер арасында үздік нәтиже көрсетті. Ал турнирді 8 ұпаймен украиналық гроссмейстер Александр Носенко жеңіп алды.
Жалпы, біріншілікке әлемнің түкпір-түкпірінен 209 шахматшы жиналды.
«Жансая бұл турнирде өз рейтингін 10 орынға жоғарылатты. Ауыз толтырып айтатындай дүние жоқ та шығар, дегенмен, белгілі бір деңгейде ілгерілеу бар», – дейді шахматшының әкесі Данияр Әшіров.
Сонымен қатар, Әбдімәлік алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Қаңтардың соңында Францияда өтетін «Капелла ля-Гранде» турниріне, оның артынша Исландии «Рейкъявик Оупен» біріншілігіне қатысамын. Бұл турнирлердің қай-қайсысы да ең мықты деген шахматшылар жиналатын әлемдік дода. Сондықтан, бұл турнирлерден қалмай, қатысу керек», – дейді спортшы қыз.
Айта кету керек, қазір Жансая Әбдімәлік белгілі маман Владимир Чучелов пен Давид Арутюнянның қол астында жаттығып жүр.