Геннадий Головкин 2015 жылғы жоспарымен бөлісті

Геннадий Головкин 32 жастағы Мартин Мюррейді өзінің күшті қарсыласы ретінде санайды. Бұл туралы Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайдыАлматы арнасы.

Геннадий Головкин 2015 жылғы жоспарымен бөлісті

"Мартин — жақсы боксер. Онымен өткізетін жекпе-жегім менің өмірімдегі жағымды оқиға болмақ. Мен оны көргем, ол үлкен және күшті жігіт", - деді Головкин. Сондай-ақ, Қазақстан спортшысы жекпе-жек өзінің мансабы болғандықтан күнделікті жаттығатындығын айтты. "Бұл менің уақытым", - деді GGG. Сонымен бірге Головкин 2015 жылы 4 жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғандығын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин 21 ақпанын күні 32 жастағы Мартин Мюрреймен қолғап түйістіретін болады.

Источник: Алматы ТВ