Геннадий Головкин 2015 жылғы жоспарымен бөлісті
2015 ж. 08 қаңтар
2855
0
Геннадий Головкин 32 жастағы Мартин Мюррейді өзінің күшті қарсыласы ретінде санайды. Бұл туралы Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайдыАлматы арнасы.
"Мартин — жақсы боксер. Онымен өткізетін жекпе-жегім менің өмірімдегі жағымды оқиға болмақ. Мен оны көргем, ол үлкен және күшті жігіт", - деді Головкин.
Сондай-ақ, Қазақстан спортшысы жекпе-жек өзінің мансабы болғандықтан күнделікті жаттығатындығын айтты.
"Бұл менің уақытым", - деді GGG.
Сонымен бірге Головкин 2015 жылы 4 жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғандығын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин 21 ақпанын күні 32 жастағы Мартин Мюрреймен қолғап түйістіретін болады.