Мырзағали Айтжанов ұлттық құрама боксшысын қорқақ деп атады

Бокстан ұлттық құрама бас бапкері Мырзағали Айтжанов қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің қорқақ екендігін айтып өтті деп жазады sportnews.kz.

Мырзағали Айтжанов ұлттық құрама боксшысын қорқақ деп атады Жақында Жан Кособуцкий Беларусь елінің азаматтығын алатынын хабарлағанбыз. Журналистер Кособуцкий сияқты талантты боксшының кетір қалуына алаңдаған болатын. Алайда, бас бапкердің өз айтары бар екен.

"Жан қазіргі таңда Беларусь елінде деп жатыр. Сол елдің азаматтығында алмақшы екен. Анығын білмеймін. Басқа елге кетсе кете берсін, ондай әлсіз боксшы бізге керек емес. Жанның шеберлігіне, бокстасу өнеріне еш мін айтпаймын. Бірақ, ол өте тәртіпсіз боксшы. Тәртіпсіз боксшыларға ұлттық құрама сапында орын жоқ", - деді бас бапкер. Айтжанов боксшыны бірнеше оқу-жаттығу жиындарына шақырғанын айтты. Алайда, басқа жігіттер жаттығу залында жүрсе, ол бірде ішім ауырып жатыр деп сылтауратып, енді бірде басын ауырғанын себеп қылып, жаттығуға келмейді екен. "Ондай жалқау боксшы басқа жігіттерді бұзады. Оны халық іздейтіндей не себеп бар екенін түсінбеймін. Жан Әлем чемпионатының  не Олимпиданың жүлдегері емес. Осыдан 2-3 жыл бұрын Василий Левитті жеңіп еді, содан соң ол Қостанай облысының батырына айналды. Соған өзін батырсынып келді. Шындығында ол батыр емес – қорқақ. Ұлттық құрама сапында жүргенде оны біраз турнирлерге апардық. Жарыс алдында ауырып тұрмын, бабымда емеспін деп, жекпе-жектерге шықпайтын. Өйткені ол қорқақ, қарсыластарынан қорқады“, – дейді Мырзағали Айтжанов. Айта кетейік, Жан Кособуцкий жуырда ғана Беларусь елінің біріншілігіне қатысып, +91 келі салмақта чемпион атанған болатын.

Источник: NUR.KZ