Назым Қызайбай әлемдік рейтингте көш бастады

Халықаралық бокс федерациясы (АИБА) Оңтүстік Кореяда өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін өз рейтингін қайта түзді.

Назым Қызайбай әлемдік рейтингте көш бастады Осы сында әлем чемпионатын ұтқан Назым Қызайбай өз салмағында көш басына шықты, деп хабарлайды alaman.kz. Назым Қызайбай бұған дейін бірінші орында тұрған румындық Стелута Дутаны ол орыннан ығыстырды. Қазақ боксшысы Дутаны Чеджудегі әлем чемпионтының ширек финалында ұтқан еді. Сондай-ақ қазақстандық боксшы Азия бокс федерациясының таңдауымен қараша айының үздік боксшысы болып танылды. Чеджуде 81 келіде күміс алған Ләззат Күнгейбаева екінші орыннан үшінші сатыға түсті. Азия ойындарының күміс жүлдегері Жайна Шекербекова сегізінші орында тұр. Азия ойындарында қола жүлдені қанжығасына байлаған Марина Вольнова 12-ші орыннан 8-ші орынға көтерілген. Алайда жақында Вольнова спорттан кеткенін мәлім етті. Сондықтан алдағы уақытта ол АИБА рейтингісінен шығарылады.

Источник: ИА "Казинформ"