Головкин: Отаныңды ауыстырғаның - өзiңдi сатқаның

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Отаныңа адал болып, оны ешқандай жағдайда да сатпау қажет деп есептейдi.

Головкин: Отаныңды ауыстырғаның - өзiңдi сатқаның
Геннадий Головкин. Фото: Казинформ

Бұл туралы ол бүгiн Астанадағы Назарбаев Университетiнде отандық жанкүйерлермен және БАҚ өкiлдерiмен кездесуi барысында мәлiм еттi.

"Отан - сен туған жер, сенiң отбасың, туыстарың тұратын ұяң. Мен үшiн Қазақстан оттан да ыстық, ол менiң елiм. Осында тусаң, өзге жерге Отаныңды ауыстырма. Отаныңды ауыстырғаның - өзiңдi сатқаның. Бiз дүниеге келгенде Отанымызды, ата-аналарды, достарды таңдамаймыз", - деп атап өттi боксшы.

Оның ойынша, балаларды ерте жастан патриоттыққа тәрбиелеу қажет. Оның негiзгi құралдарының бiрi - спорт.

Головкин сондай-ақ депутаттық мандатқа немесе мемлекеттiк қызметке қызықпайтынын айтты.

"Бұл сұрақ болашаққа қатысты. Бұның алдында маған лауазым ұсынды ма деген сұраққа айтарым, маған мемлекеттiк қызметке орналасу жөнiнде ұсыныс тасталған жоқ. Егер ұсынса сiздер жауабын бiлесiздер: маған қазiргi өзiмнiң кәсібім ұнайды. Болашақта кім болатынын бiлмеймiн. Дегенмен мен ондайға талпынып жүрген жоқпын", - деп атап өттi ол тiлшiлердiң мемлекеттiк қызметке қатысты қойған сауалдарына.

Источник: ИА "Казинформ"