ҚАЗАҚТАР ҚЫТАЙДЫ, МОҢҒОЛДАР РЕСЕЙДІ ҚИРАТТЫ!..

5
3145

 

«ЕУРАЗИЯ БАРЫСЫНДАҒЫ» ЖЕҢІС ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚТА ЖАЛҒАСА БЕРГЕЙ!…

22 қараша, 15 сағат 11 минут

ҚАЗАҚША КҮРЕСТЕН «ЕУРАЗИЯ БАРЫСЫ» БІР  ТАРИХИ ӘДІЛЕТТІКТІ ОРНАТҚАНДАЙ БОЛДЫ!… КОМАНДАЛЫҚ КҮРЕСТЕ ҚАЗАҚТАР ҚЫТАЙДЫ 5-0 ЕСЕБІМЕН ТҮГЕЛ ҚИРАТА ЖЕҢДІ. АЛ МОҢҒОЛДАР ДА РЕСЕЙ КОМАНДАСЫН 5-0 ЕСЕБІМЕН ТАС-ТАЛҚАН ЕТТІ. КЕЗІНДЕ ОСЫ ҚАЗАҚТАР, СОЛ КЕЗДЕГІ АТАУ БОЙЫНША ТҮРКІ-МОҢҒОЛ ҚАҒАНАТЫ БҮГІНГІ ЕКІ ИМПЕРИЯ ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙДІ ЖАУЛАП ЕДІ… ОСЫ ЖАУЛАУДАН ҚЫТАЙ ИМПЕРИЯСЫ МЕН РЕСЕЙ МЕМЛЕКЕТІ ПАЙДА БОЛҒАНЫ ТАРИХТАН БЕЛГІЛІ. ЕНДЕШЕ ТАРИХИ ӘДІЛЕТТІЛІК 8 ҒАСЫРДАН СОҢ ҚАЙТА ОРНАДЫ… ӘЗІРШЕ СПОРТТА… «ЕУРАЗИЯ БАРЫСЫНДАҒЫ» ЖЕҢІС ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚТА ЖАЛҒАСА БЕРГЕЙ!…

Қазыбек ИСА

5 ПІКІРЛЕР

  1. Менің ойымша, 1 желоқсанда біз домбыра күнін тойлауымыз керек. Өйкені нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра. Домбыра күні жалпыұлттық мейрам ретінде тойлану керек деп есептеймін, бұл біздің жас ұрпғымызды және ұлттық санамызды өсіруге пайдалы болады.
    Құрметті отандастар!
    Мен үшін ең басты факторлар біздің қазақ ұлттық мүдделеріміз. Әрбір шешімді қабылдағанда мен тек Қазақстанның мүдделеріне, ұлттық мүдделерімізге сүйенемін. Меніңше, Біз міндетті түрде мықты ел болуымыз керек, сонда ғана бізбен санасатын болады және теңқұқылы әріптес ретінде қабылдайды. Біз ешқашанда қайрышылар сияқты ашық алақынды сөзіп жүрмеуміз керек. Ол үшін біздің экономика қарқынды даму керек және жер қазба байлықтарымызды қайтарып алуымыз керек. Мен тұрғанда ешқашанда ешкімге елімізді қорлауға, мемлекетімізді кемсітуге, ұлттық мүдделерге нұқсан келтіруге жол бермеймін. Мен елімізге бос шығын жасайтын бір де бір қадам жасамаймын. Қазақ халқыны еркі әрқашанда менің шешімдерімнің арқауы болады. Халқым осыны білсе екен деймін. Біз еліміздің даму жолында әрбір қиыншылықтарды женетінімізге мен нық сенемін. Өйткені парасатты, біріккен, топтастырылған халық әрбір қиыншылықтарды жеңеді.
    Қазақстан біз үшін бұл не, әрбір азамат бұл сұраққа жауапты өзінің жүрегінде іздеу керек деп есептеймін. Біреу үшін Қазақстан бұл құтты мекен әрі жерұйық дейді, енді біреу Қазақстан бұл әкем, анам, туған ұйім, астық деп жауап береді, үшіншісі Қазақстан бұл ең керемет мемлекет деп жауап береді. Қазақстанымызды Әркім әртүрлі елестетеді. Бірақ біз бәріміз бірігіп мықты, дамыған, еркін Қазақстанды құруымыз керек.
    Осы құбылмалы және ашық әлімде біз қазақтар қалай өзіміздің тәуелсіздігімізді және ұлттық болмысымызды, ұлттық рухымызды сақтаймыз. Біз үшін бұл ең маңызды және ең қиын сұрақтар. Осы сұрақтарға жауап тек бір ол еңбек, білім, ғылым, сауатты мемлекеттік саясат және мәдениет. Еңбек, білім, ғылым, сауатты мемлекеттік саясат және мәдениет біздің егемендігіміздің нығайтады. Менің ойымша, біздің білім беру саламыз әлем деңгейінде ең озық болу керек жас ұрпаққа сапалы білім беру үшін.
    Жиырмасыншы ғасырдың басынды біздің ұлттық қайраткерлеріміз шетелде білім алып алаш партиясына бірігіп қазағымызды ұлттық мемлекетті құруға, өз өзін бағалауға, туған мәдениетімізді және ана тілімізді қадірлеуге ұйреткен. Біздің халқымыздың асыл ер азаматтарымызды, ұлы ойшылдарымызды ұмытпайық. Алашорда партиясының қайраткерлерінің рухани мұрасы біз үшін маңызды және біздің елімізге кәзір ауадай қажет деп білемін.
    Жиырма бірінші ғасырда қандай біз өзіміздің алдында мақсаттар қоямыз сондай деңгейге жетеміз. Сондықтан алдымызда аса биік мақсаттарды қоюға қорықпайық. 96 жыл бұрын қазақ отаншылдар, алаш арыстары қорықпай өздерінің алдында биік мақсаттар қойды, нәтижесінде қазақтар автономия алды. 22 жыл бұрын біз қорықпай алдымызда биік мақсаттар койып едік, міне тәуелсіз ел болдық.
    Әлемде жасалған және ойлап тапқан нәрселердің арасында ең жақсы нәрселерді меңгеру ғана біздің тәуелсіздігімізді нығайтады, бізді мықты елге айналдырады. Қазақта сөз бар жақсыға үйрен жаманнан жирен деп. Осы сөзді есімізде сақтап біз жақсы нәрселерге үйренейік, заманауи техниканы игерейік, заманауи мамандықтырды меңгерейік. Сонда ғана біздің еліміз қарқынды дамитын болады.
    Мемлекетті жасау бұл шексіз шығармашылық жол. Осы жолда қазақтың бүкіл тарихы көне замандардан кәзіргі кезге дейін айқын көрінеді. Күрес, жеңістер мен жеңілістер бұл қазақ халқының ғасырлар бойы жиналған тәжірибесі мен парасаты. Кәзір де біз осы тарихи жолда жүріп келе жатырмыз, ал қазақ халқының ғасырлыр бойы жиналған тарихи тәжірибесі біздің ең үздік ұстазымыз. Қазақтың тарихи жолында біз кемелденіп шыңдалып жатырмыз. Кәзір біз бірлігімізді нығайтып өзіміздің адал еңбегімізбен Қазақстанымызды күшейтуге міндеттіміз. Өйткені біздің еліміз біздің ұлттық болмысымыздың тірегі, ұлттық намысымыздың діңгегі, ұлттық мәдениетіміздің қорғаны. Сондықтан елімізді күшейтейік, бұл миссия біздің өмірімзде ең маңызды міндет. Осы миссияға лайық болып оны адал атқарайық.
    Мемлекетті оның халқы жасайды. Әрбір саналы азамат өз өзіне сеніп мемлекеттің жасаушы болу керек. Әрбір Қазақстанның адал ұлы өзін Қазақстаннан бөлек қарамай өзінің адал еңбегімен Отанды, қоғамды күшейтеді.
    Бүгінгі таңда біздің алдымызда үдемелі даму бағдарламасы тұр. Экономикамызды жаңарту керек, елімізді дамыту керек, тәуелсіздігімізді нығайту керек. Сондықтан кемелдікке ұмтылып біз алдыға жылжуымыз керек.
    Еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, мемлекетіміз күшейтейік! Егемендігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, Отанымыз үшін адал еңбек етейік ардақты ағайын!.
    Бабалардың аманатына адал болып Қазақстанымызды гүлдендірейік, өйткені Қазақстан бұл біз!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз