Ильин бірде-бір рет жеңілмеген спортшылардың тізіміне қосылды

0
1212

Бүгінде аты аңызға айналған Илья Ильин жайлы еліміздің басылымдары ғана емес, шетел БАҚ-да жарыса жазуда.

Ильин бірде-бір рет жеңілмеген спортшылардың тізіміне қосылды

Бұл туралы El.kz хабарлайды.

Италиялық Olimpiazzurra.com төртінші мәрте Әлем чемпионы атанған Илья Ильин жайлы былай деп жазыпты: Алматыда өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының 105 кг-ның алтын медалі жарыс иесі Илья Ильинға бұйырды. Қазақ атлеті жанкүйерлерінің берген демеуінен спорт кешенінің қабырғасы дірілдеп кетті. Илья Ильин жұлқа көтеру бойынша 242 кг салмақты қиналмай көтергеннен жанкүйерлер сәл болмағанда «жарылып» кетердей кейіпте болды.

Нидерландтық Frontpage.fok.nl порталы Ильинге арнаған толық мақаласында: Ауыр атлет Илья Ильин осыған дейін де Қазақстан мен әлемдік ауыр атлетиканың көзі тірі аңызы болса да, осы сенбі күні ол өз жанкүйерлерін «мәңгілікке» бақытты етті. 26 жасар қазақ Алматы қаласында әсерлі жарыста 105 келі салмақта қарсыластарынан шынында да жоғары болды. Бұл чемионат Ильин үшін екінші ең ауыр салмақтағы алғаш ірі жарыс болатын. Ол 94 келіде біраз жылдар бойы өнер көрсетіп, 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиаданың алтын медальдарын жеңіп алған болатын. Оған қоса, Илья үш дүркін Әлем чемпионы және Халықаралық жарыстардың бірде-бірінде жеңілмек түгілі алтын медальден басқа медаль алып көрмеген. Сондықтан Алматыдағы жарыс алдында жанкүйерлерді алаңдатқан жалғыз сұрақ – Ильин жаңа салмақта қалай өнер көрсетер екен. Ол тапсырманы орындады.

Түркияның Haber3.com сайты: Алматыда ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатының сегізінші күні ерлер арасында 105 келі салмақта қазақстандық Илья Ильин өзінің 238 келілік әлем рекордының үстіне тағы 4 келі қосып, оны қайта жаңартты.

Американдық Ibnlive.in.com сайты: Ауыр атлет (Илья Ильин) Халықаралық жарыстарда бір жарыста да жеңілмеген және осыған дейін 7 бірдей әлем рекордын жаңартқан. Алматыдағы жарыс кезінде Ильинде артқа қайтар жол болмады. Өзбекстандық Руслан Нурудинов қоссайыста 432 келі көтергенде, жарысты жеңу үшін Ильяға рекорд жаңартуға тура келді.

Әлемдік «Eurosport» интернет-басылымы Ильяның триумфына байланысты оны дүниежүзіндегі әлі бірде-бір рет жеңілмеген спортшылардың тізіміне қосқан.

Еске сала кетсек, Илья Ильин Алматыда өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 242 кг көтеріп, әлем рекордын жаңартып, төртінші рет жеңімпаз атанған еді.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз