Сабина Алтынбекова вьетнамдық әншімен келісім-шарт жасауы мүмкін

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова отбасымен бірге Вьетнамның Нячанг қаласына келді.

Сабина Алтынбекова вьетнамдық әншімен келісім-шарт жасауы мүмкін Сабина Алтынбекова вьетнамдық әншімен келісім-шарт жасауы мүмкін Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Әзірге, спортшының Вьетнамға келу себебі белгісіз. Алайда, вьетнамдық БАҚ-тың хабарлауынша, Алтынбекова жергілікті әншілердің бірімен жарнамалық келісім-шарт жасауға келген көрінеді.

Вьетнамдық папарация өкілдері Алтынбекованы әуежайда суретке түсіріп, ғаламторға жариялады.

Еске сала кетейік, Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Сабина Алтынбекова сары құрлыққа бірден танымал болып шыға келді.

Бүгінде оның Азиядағы жанкүйерлері күн санап өсуде. Сабинаға жарнама және сән бизнесімен шұғылдануға ұсыныс білдіріп жатқандар көп.