ИНЧХОН-2014: Мамед Ибрагимов Қазақстан қоржынына қола медаль салды
2014 ж. 28 қыркүйек
1388
0
Қазақстандық палуан Мамед Ибрагимов Инчхонда өтіп жатқан Азиадада қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
97 келі салмақта қола медаль үшін белдескен спортшымыз қарсыласы үндістандық Сатьварт Кадьянды 3:0 есебімен ұтып, ел қоржынына 19-шы қола медальді салды.
Жалпы есеп бойынша қазақстан спортшыларының қанжығасында 9 алтын, 10 күміс бар.
Источник: inform.kz
