Американың ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Дияс алғашқы айналымда украиналық Леся Цуренконы ойсырата ұтты.

Зарина 1 сағат 10 минутқа созылған кездесуде 6:1, 6:2 есебімен алға шықты.
Екінші айналымда әлемдік рейтингте 48-орында тұрған Дияс америкалық 15 жасар Катрин Беллиспен шеберлік сынасады.
Беллис словакиялық, әлемнің 13-інші ракеткасы Доминика Цибулкованы күтпеген жерден (6:1, 4:6, 6:4) ұтып кетті.