Егер Александр Винокуровты сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша айыпты деп таныса, онда қазақстандық велошабандоз үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz.
Лондондағы отызыншы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуровқа 2010 жылы Льеж – Бастонь – Льеж жарысында жеңіске жету үшін 33 жастағы қарсыласы Колобневті сатып алды деген айып тағылған болатын.
Льеждегі прокуратура екі шабандозға да жемқорлық фактісі бойынша айып тағылғанын, сот отырысы 2015 жылдың басында өтетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ егер Винокуровтың кінәсі дәлелденсе, ол алты айдан 36 айға дейін бас бостандығынан айырылып, 600 еуродан 300 мың еуроға дейін айыппұл төлеуі мүмкін екені де расталды.
Өз кезегінде Астана командасының спорт директоры өзіне тағылған барлық айыптауларды теріске шығарды.
www.bnews.kz