Льеж соты «Катюша» командасының велошабандозы Александр Колобнев пен «Астана» құрамасының бұрынғы шабандозы, қазіргі бас менеджері Александр Винокуровқа қатысты олардың арасындағы өзара жемқорлық фактісі бойынша тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды бельгиялық БАҚ. Белгиялық
cyclingnews.com сайтының хабарлауынша, тергеу аламдары 2010 жылғы Льеж – Бастонь – Льеж жарысында жеңіске жету үшін Винокуров Колобневті сатып алды деген айыптауларға қатысты басталып отыр, деп жазады
astanafans.com.
Sudinfo.be белгиялық порталының мәліметі бойынша, мамыр айында төреші Филипп Ришар екі шабандоз арасында жемқорлық жасалды деп жайып салған болатын. Оған басты дәлел ретінде Винокуровтың Колобневтің есеп-шотына жүз және елу мың еуро көлемінде екі рет ақша аударылғанын мысалға келтірді Ришар. Алғашқы аударым 2010 жылы 2 шілдеде жасалса, екіншісі бес айдан кейін 28 желтоқсанда жүзеге асқан.
2012 жылы италиялық полиция доктор Микеле Ферраридің ісін тергеу кезінде аталмыш ақша аударымдардың жасалғанын анықтаған еді. Одан кейін Халықаралық велосипедшілер одағы осынау жеңісті тергейтінін мәлім етіп, алайда осы күнге дейін ешқандай нақты әрекеттер жасамаған. Ал бір жылдан соң L’Équipe француз басылымы қос спортшы арасындағы электрондық хаталмасуды жария етті.
Сол хаттардың бірінде Колобнев: «Мұнда менің банктік мәліметтерімнің көшірмелері бар, алған соң бірден өшіріп таста, әйтпесе пәле болады», - деп жазыпты-мыс.
Винокуров 2010 жылғы жеңісін сатып алды деген айыптауларды осы күнге дейін жоққа шығарып келеді.
www.bnews.kz