Үздік бомбардир Мирослав Клозе Германия құрамасынан кетті

Германия футбол құрамасының шабуылшысы Мирослав Клозе ұлттық құрамадан кететінін мәлім етті.

Үздік бомбардир Мирослав Клозе Германия құрамасынан кетті

Клозе неміс құрамасының сабында 2001 жылдан бері ойнап келеді. Жалпы, Германия құрамасының қатарында 36 жастағы форвард 137 кездесу өткізіп, онда 71 рет гол салған.

"Бразилияда менің бала арманым орындалды – мен әлем чемпионы болдым, – деді Клозе. – Неміс футболының жетістігі үшін үлес қосқаныма өзімді бақытты санаймын әрі мақтан тұтамын. Осы орайда құрамадан кететін уақыт жетті деп есептеймін".

Бразилияда өткен 2014 жылғы футболдан Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, Клозе әлемдік біріншілік тарихындағы үздік бомбардир атанды.

Ол бұл атаққа жетуде бразилиялық Роналдодан бір гол асып түсті. Бұл жарыста неміс шабуылшысының қоржынында 16 гол бар деп хабарлайды BNews.kz.