ҚАНАТ ИСЛАМ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

 Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-кездесуінде жеңіске жетті.

rpa_kanat_islam_campeon_fedelatin_2 Жепе-жек Колумбияда жергілікті боксшы Фидель Монтерроса Муньеске қарсы өтті. Қанат кездесу басынан басымдылықты өз қолына алып ауыр соққылар жасай бастады. Кездесудің бесінші раундына келгенде Қанаттың ауыр соққысынан  Муньес есеңгіреп қалды. Төрешілер кездесуді тоқтатып Қанаттың пайдасына техникалық нокаут тіркеді. rpa_fidel_monterrosa_-_kanay_islam_83 Бұл Қанаттың кәсіпқой бокстағы 18-жеңісі, 15 кездесу нокаутпен аяқталғaн. Дәл қазір Қанат WBA рейтингінде 9-орында тұр.   Аламан